Жоғарғы Сот соғыс ардагері Иван Сурковты қамаудан босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  Ұлы Отан соғысының 94 жастағы ардагері Иван Сурковқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталғанға  4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Ол жанжалдасудың және жеке қатынастарының араздығы салдарынан  өз әйелінің ағасы Н.Давыдовты өлтіргені үшін 2018 жылғы тамызда кінәлі деп танылған.

Кассациялық саты мынадай негіздер бойынша үкімнің күшін жойды.

Сурковтың үйіне Н.Давыдовтың өзі келгені, бір бөтелке арақты ала келіп, оны өзі ішкені, олардың арасындағы дау-жанжалдың да осыдан кейін пайда болғаны ескерілді. Бұл орайда  Сурков сап-сау болған. Осы негізде Сурков  Давыдовқа оның өліміне әкеп соққан зақымдаулар келтірген.

Сондай-ақ Сурковтың 94 жаста екені, денсаулық жағдайы (екінші топтағы мүгедектігі, психикасының бұзылғандығы, соның негізінде қылмыстың жасалғандығы), Ұлы Отан соғысына қатысқаны, 1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы және 2-ші дәрежелі Даңқ ордендерінің, медальдардың иегері болуы,  оны бас бостандығынан айырмау туралы ұжымдық хат және оның жұмыс бойынша бұрынғы әріптестерінің оң мінездеме бергені назарға алынды. Бұл мән-жайлар ерекше мән-жайлар болып танылды, осылар ескеріле отырып, ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген төменгі шектен де төмен жаза – уәкілетті мемлекеттік органның бақылауымен бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға жеткілікті және әділетті деп танылды.

Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Жоғарғы Сот  осыған байланысты, И.Сурковты қамаудан босатты, оған 5 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Теги: