Жаңаөзенде полиция инспекторына қатысты сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотында полиция инспекторы Ғ.Орынтаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ғ.Орынтаев 2013 жылғы 6 желтоқсанда Жаңаөзен қаласы ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің қаруға лицензиялық рұқсат ету тобының инспекторы лауазымына тағайындалған. Ғ.Орынтаев өзінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде аңшылық және басқа қаруларды заңсыз сақтап тіркеуден шығармай сатқан. Маңғыстау облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шараларын жүргізу барысында аталған дерек анықталған.

Сотта сотталушы Ғ.Орынтаев өзінің кінәсін толық мойындады.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Ғ.Орынтаев ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігінде (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, 1 жыл бас бостандығынан шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі