Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу» тақырыбында кеңес өтті.

Аталған шараға ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Е.К.Мабиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері, Департаменттің жауапты қызметкерлері және Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы сот кеңселерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында «ҚР Сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» ақпараттық жүйелерін, БААТЖ кадр құрамын есепке алу кіші жүйесін модернизациялау, сондай-ақ Жоғарғы Соттың Ішкі порталын іске қосу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері де қаралды.

Модернизацияланған ақпараттық жүйелердің артықшылығы республика бойынша деректер қорының орталықтандырылуында, интерфейтердің жүйені пайдаланушылар үшін қолайлы болуында, сыртқы жүйелермен кіріктіру есебінен деректердің аз енгізілуінде, сот ісін жүргізу процестері мен кадр қызметінің автоматтандырылуында, сондай-ақ оларды одан әрі сүйемелдеу үшін бюджет қаражатының қысқаруында болып табылады.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Ал бұл сыбайлас  жемқорлық көріністерін азайтуға, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі