Бас прокуратура

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов мемлекеттік айыптаушылар форумына қатысушылармен кездесті

01/03/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында өңірлік прокуратура органдарынан келген 50-ден астам қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та қатысты.

Астана қаласының сотында сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды

05/04/2017

Бүгін Астана қаласының сотында Жоғарғы Соттың Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастыруымен «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін қолдану бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді. 

Жоғарғы Сотта «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасы таныстырылды

16/01/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мен Бас прокурор Жақып Асанов «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесі жобасының таныстырылымына қатысты.

Кездесуге Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі Еуропалық Одақ жобасының өкілдері, бейнебайланыс арқылы – өңірлік судьялар мен прокурорлар қатысты.

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың «Қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен Жоғарғы Сот және Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу

21/07/2014

Ағымдағы жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу» тақырыбында кеңес өтті.

Аталған шараға ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Е.К.Мабиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері, Департаменттің жауапты қызметкерлері және Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы сот кеңселерінің басшылары қатысты.