Жамбыл облыстық сотының судьялары мен мемлекеттік қызметшілері «Сот төрелігі» телевизиялық жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Хабар» және «Қазақстан» РТРК өңірлік телеарналарынан көрсетілген «Сот төрелігі» тележобасы  ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен әзірленген болатын. Тележоба Қазақстан Республикасының VI съезінде айтылған Елбасының тапсырмасымен еліміздің сот жүйесінің ақпараттық-имидждік қамтамасыз ету деңгейін күшейтуге бағытталған.

Тележобаның барлық бағдарламалары интерактивті-танымдық форматта түсірілген, көрермендер аудиториясының кең көлемінің қызығушылығын тудырды. Түсірілімдер Қазақстанның бірнеше аймағын қамтыды. Бағдарламаның негізгі кейіпкерлері – қызмет етуші судьялар мен доғарыстағы судьялар болды.  Жалпы, 13 шығарылымда сот жүйесінің өзекті тақырыптары жаңғыртылып, сәтті қамтылған.

  Жамбыл облыстық сотында судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ құқық қорғау органдары прокуратура, адвокатура өкілдерінің қатысуымен «Сот төрелігі» жобасы талқыланды. Қатысушылар бағдарламаның өзектiлігі мен мазмұнының айқындығын айтып өтті.

 Жиынның мақсаты судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің пікірлері мен түсініктемелерін талқылау болды.

«Сот төрелігі» бағдарламасының барлық шығарылымдары ҚР Жоғарғы сотының сайтында www.sud.gov.kz жарияланған.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі