Жалдамалы жұмысшылардың жасаған жөндеу жұмысының салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Тараптар өзара талапкердің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ауызша келісімге келген, онда жауапкерлер жөндеу жұмыстарын соңына дейін  орындауға міндеттенген.

Алайда жауапкерлер жұмыстың бір бөлігін кемшіліктермен орындап, құрылыс материалдарын жарамсыз күйге жеткізген.

Жұмыстардың орындалу барысында талапкер бірнеше рет кемшіліктерді жою және бүлінген материалдарды ауыстыру бойынша ауызша шағымдар айтқан, бірақ жауапкерлер материалдық құндылықтарды алып кетіп, жасырынған.

Астана қаласының Есіл ауданы АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысына сәйкес, жауапкерлер өз кінәсін мойындаған, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерлерден ортақтас тәртіпте залал сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар