Таразда соттық жетекшілік бойынша тренинг өтуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ұйымдастырған Европалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық жүйені жетілдіру» атты екі күндік  тренингі өтуде. Жобаның іске асуын NI-CO компаниясы орындайды.

Тренингке Жоғарғы Соттың судьясы Ғазиза Мұсабекова, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмахаммат Абидов, Алматы қаласы, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары соттарының соттық жетекшілік бағдарламасына қатысушы судьялары қатысып отыр. Бапкерлер ретінде халықаралық сарапшылар Ян Карстен, Девид Слейтолм және Глин Сикссмит Хукингс сөз сөйлейді.

Іс-шараны Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев ашып, кәсіби қызметінде судья лауазымына алғаш тағайындалғандармен жоғарғы моральды-этикалық стандарттарға жету, соттық жетекшіліктің мақсаты соттық дағдыларды алу болып табылатындықтан, таңдалған тақырыптың өзектілігін атап айтты.

Жоғарғы Соттың судьясы Ғазиза Мұсабекова жетекшілік бағдарламасына судьялардың қатысуы алғаш тағайындалған судьялардың қызметіндегі жаңа талаптарына бейімделуіне, жүріс-тұрысының этикалық нормаларының дамуына және сот жұмысы процесінде психологиялық қолдау көрсетуге ықпал ететіндігінің астын сызып көрсетті. Өткізіліп отырған тренингтің мақсаты – жетекшілік-тәлімгер жөніндегі процесте коммуникативті дағдылардың дамуы, сондай-ақ бүгінгі күні өзінің әріптестеріне, процеске қатысатын тұлғаларға тәлімгер болып табылатын судьяларға қатысты. Сарапшылармен дайындалған курстың шеңберінде тренингтің қатысушылары жетекшілік процесінің негізгі кезеңдерін және әр кезеңнің міндеттерін зерттейді, тәлімгерліктің дамуының әртүрлі құрал-саймандарын тәжірибеде қолданудың дағдыларын арттырады.

Оқыту бапкерлермен және тренингке қатысушылар арасында үнемі байланыста интерактивті түрде, тәжірибедегі ұсынылған жағдайларды талдаумен қызу пікірсайыста өтуде.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі