Сот шығындарын өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет сот істерін қарауда тараптарды сотқа шақыруға, яғни тапсырыстық хат, жеделхат жолдау үшін пошта қызметіне, ұялы байланыстың көмегімен СМС хабарламасын жолдау үшін ақы төлеуге, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарламаға және тағы басқа да шығындарға қаражат қарастырады.

Азаматтарды сотқа шақыру туралы хабарламаны алғанына қарамастан, көп жағдайларда олар сотқа келмей, сот отырыстары кейінге қалдырылып жатады. Бұл іске қатысушы тараптарды келесі сот отырысына шақыру үшін жұмсалатын қосымша шығындарға әкеледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 116-бабына сәйкес талап қоюшы төлеуденбосатылған істі қарауға байланысты шығындар мен мемлекеттік баж сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне толық немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар мөлшерде өндіріліп алынады.

Қазіргі кезде Шымкент қаласының Абай аудандық сотында азаматтарды сотқа шақыру үшін жұмсалғаншығындарын өндіру жөнінде 100 шешім шығарылып, мемлекет кірісіне 45 020 теңге өндірілген. Осы орайда, азаматтар соттан келген хабарларды ескермесе, жұмсалған шығындар өздерінен өндірілуі мүмкін.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі