Сот алаяқтық жасаған екі ағайынды адамға қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған қалалық соты алаяқтық жасаған ағайындылар Кимге қатысты  қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар бірнеше рет жасалған алаяқтық,  алдау және сенімге кіру жолымен, 2015 жылдың наурыз және мамыр аралығында Вадим  мен  Владимир Ким бөтен мүлікті жымқыру мақсатында Оңтүстік Корея Республикасына жұмысқа орналастыру сылтауымен, Талдықорған Әділет басқармасында және Алматы облысының Әділет департаментінде  ЖШС-ні  тіркеуден өткізіп, кеңсе ашқан.

Қазақстан  азаматтарын Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастыру туралы газеттер мен әлеуметтік желілерінде жалған жарнама таратып, оларға Қазақстанның түрлі қалаларынан адамдар хабарласа бастаған. Сотталғандар, адамдардың сеніміне кіріп, олармен зауыттардағы  жұмыс туралы  треннинг өткізген, Оңтүстік Кореядағы жұмысы туралы жарнама жасап, жұмыс орындардың фотосуреттер көрсетіп, іс жүзінде жұмыс жағдайын жасаған. Әрі қарай сенімді арттыру үшін, салық басқармасында фискалды түбіртек  беретін кассалық аппаратты тіркеген. Екі айда сотталғандар, жол ақысы мен бастапқы тұруға және виза рәсімдеу үшін 222 000 теңге алғандығы жөнінде кассалық аппараттан фискальды түбіртектер беріп, 44 Қазақстан азаматымен жалған келісімшарт жасаған. Келтіріген залалдың жалпы сомасы 8 800 000 теңгені құрады.

Сот үкімімен  сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабының, 3-бөлігінің, 3-тармағына сәйкес қылмысты жасағаны үшін (екі немесе одан да көп адамдға қатысты жасалған алаяқтық) кінәлі деп танылды. Олар 4  жылға  бас  бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Жазаларын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу тағайындалды.

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі