«Сот актілерінің жаңа банкі» – сот төрелігінің қолжетімділігін кеңейтуді көздейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығының деңгейін арттыру сот қызметінің басты бағыты ретінде белгіленген.

Сот процесіне қатысушыларға, олардың өкілдеріне құқықтық шектеуліктерді ескере отырып, барлық сатылардағы сот актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету Жоғарғы Соттың қолданыстағы интернет-ресурсының «Сот істері жөніндегі анықтама» сервисінің міндеті болып табылады. Осы сервистің оң жұмыс істеу тәжірибесі «Сот актілерінің жаңа банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды. Бұл туралы бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болатын.

Банкте 2016 жылы заңды күшіне енген бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған сот актілеріне, соның ішінде Жоғарғы Сот шығарған сот актілеріне қол жетімді. Болашақта 2015 жылы шығарылған сот актілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуі болжанып отыр.

Сот актілерін іздеу мен қол жеткізу үшін істің қай сотта қаралғанын, талапкер, жауапкер, құқық бұзушы туралы мәліметтерді білу қажет. Заңды күшіне енген сот актілерін сұрату үшін бұл интерфейске пайдаланушыларға келесі критерийлер енгізілді: облысы, сот органы,  сот процесіне қатысушы, күні, түрі, істің санаты, соттың түрі  және қарау нәтижесі. Нәтижесін дәлме-дәл көрсетуді жүзеге асыру үшін іздеуді бір-бірден, сондай-ақ, бірнеше өлшемдер бойынша жүзеге асыру көзделеді.

Сот жүйесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу – сот ақпаратына барынша қол жеткізуді қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі болып саналады.

Осылайша, Сот актілерінің жаңа банкі соттардың халықпен өзара іс-қимыл және тұтастай алғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған бірыңғай терезе функцияларын жүзеге асыруға бағытталады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі