Солтүстік Қазақстан облысында партисипативтік рәсім тәртібімен іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарызды өндіріп алу туралы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің «Астраханское» ЖШС-ге талабы бойынша азаматтық істі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібінде қарады.

Талап қоюшы талап арызында жауапкерден негізгі қарыз бойынша 3 000 000 теңге берешекті, 2 730 000 теңге айыпақыны және мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығынды өндіріп алуды сұрады.

Сот отырысы барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірді.

Тиісті заңнамалық норма 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексте қарастырылған. Бұл жаңашылдық дауларды жедел түрде шешуді жеңілдетеді.

Келісімнің шарттары бойынша «Астраханское» ЖШС 2016 жылдың 1 қарашасына дейін 3 000 000 теңге көлеміндегі негізгі қарыз сомасын төлеуге міндеттелді. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС өз кезегінде «Астраханское» ЖШС-ден айыпақыны өндіріп алу талабынан бас тартты.

Сонымен қатар 171 900 теңге мөлшерде талапкер төлеген мемлекеттік баж оған қайтарылды, өйткені іс дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталса, мемлекеттік баж қайтарылады.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі