Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға арналған семинар сабақтары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тәлімгерлер кеңесі 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар жас судьяларға арналған семинар сабақтары өткізді.

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай алғы сөзінде Тәлімгерлер Кеңесі мен Оқу орталығының жұмысындағы басым бағыттардың бірі жас судьяларды оқыту болып табылатынын атап өтті.

«Бүгінгі күні жас судьялардың алдарына қойған басты мақсаттардың бірі кәсіби деңгейлері мен біліктілігін жоғарылату, сот қателіктеріне жол бермеу, сот әдебі мен заңнаманың бұзушылығын болдырмау болып табылады. Осы мақсатта әрдайым заңнаманы, сот практикасын зерделеп, сауатты әрі дәлелді сот актілерін жасауға ұмтылу қажет,  процесті дұрыс ұйымдастыру, үнемі білімін арттыру үшін жұмыс жасау, сондай-ақ өз бетінше оқу бойынша жоспар құру керек» деді облыстық соттың төрағасы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының істердің әр түрлі санаттары  бойынша сот практикасының барлық қорытулары бірыңғай сот практикасын қолдану мақсатында аудандық және оған теңестірілген соттарға  жолданып отырады.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Қ. Ақпанова «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілікке тарту тәртібі» тақырыбында баяндама жасады. Судья А.Қ.Ақпанова өз сөзінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот талқылауы барысында, сондай-ақ сот процесінен тыс  жерде бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапқа тарту тәртібін түсіндіріп, әкімшілік соттың тәжірибесінде болған нақты бұзушылықтарды мысал ретінде келтіріп, әкімшілік істер бойынша сот талқылауы барысында сотты құрметтемеушілік  фактілері бар сот процесінің бейне жазбасын көрсетті.

Іс-шара соңында жас судьялар семинардың тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.

Семинар сабағының соңында жас судьяларға нақты іс санаттары бойынша сот актілерін әзірлеу жөнінде түсіндірулер мен ұсынымдар берілді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі