Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің ардагерлерінің, соның ішінде Судьялар одағының құрметті мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиналысты Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай ашты. Бірнеше жыл бойы елімізде 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ұлттық мереке салтанатты түрде тойланатынын айтып өтті.

Дәл осы күні Солтүстік Қазақстан облыстық сотында алғаш рет құқықтық тақырыпта жазылатын журналистер арасында өткен конкурстың қорытындысы жарияланды.

Конкурс екі номинацияда өтті:

- сот қызметін электронды бұқаралық ақпарат құралдарында үздік басылымдық жариялау;

- сот қызметін баспа БАҚ-та үздік жариялау.

Сот қызметін электронды бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялау номинациясында бірінші орынды «24 KZ» республикалық телеарнасының меншікті тілшілері Н.У.Ахметова мен А.А.Балғабеков иеленді.

Екінші орынды Е.Б.Тоқшылық басқаратын «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы иеленді.

Үшінші орынды «Муниципалды телерадиоарнасының» бас редакторы Х.Д.Жолдаспаева және «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Г.Т.Сәулебекова бөлісті.

Баспа бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы номинацияда бірінші орынға «Юридическая газетінің» меншікті тілшісі И.В.Лопатко ие болды.

         Екінші орынды «Северный Казахстан» газетінің тілшісі Т.В.Шейкина және «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ж.Е.Қанафина иеленді.

Үшінші орынды «Квартал» газетінің шеф редакторы З.С.Жұмалиева иеленді.

Сонымен қатар БАҚ-ның басқа да өкілдері сыйлықтарға ие болды.

         

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі