Шығыс Қазақстанда сот кінәліге экстримистік деп танылған кітаптарды сақтағаны үшін айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты Р-ға 226 900 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Р., діни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған мәліметтер мен материалдарды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот, Р-ның Қазақстан Республикасы аумағында таратуға және басып шығаруға тыйым салынған экстремистік ақпараттық материалдары бар деп сотпен  танылған кітапты сақтағандығын анықтады.

Сот Р-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған айыппұл тағайындаумен қоса кітапты тәркіледі.

Қаулы заңдық күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі