Шығыс Қазақстан облыстық сотында тергеу судьясының қызметіне қатысты ведомствоаралық семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында заңнамалардың жаңашылдықтарына, атап айтқанда тергеу судьясы лауазымын соттарға енгізу және 2015 жылдың өткен  кезеңіндегі облыс соттарындағы тергеу судьяларының қызметтерінің талдау қорытындылары талқыланды.

Семинардың жұмысына облыстық сот судьялары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің, ішкі істер департаментінің, әділет департаментінің, мемлекеттік кіріс департаментінің,  қылмыстық-орындау жүйесі комитетінің, облыс прокуратурасының, ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Іс-шара жұмысын бастай отырып облыстық сотының қылмыстық істер  жөніндегі аппеляциялық сот  алқасының төрағасы Е.Дәулиев, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық процестік кодексі қылмыстық  сот ісін жүргізуді  жаңғыртуға  және  оны халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге бағытталғандығын атап өтті. 

ҚР ҚПК жаңашылдықтарының бірі тергеу судьясы лауазымының енгізілуі болып табылады. Тергеу судьясын лауазымы енгізілгелі бері сотқа дейін іс жүргізу барысында тергеу судьясы күдіктілерді күзетпен ұстау, үй қамағында ұстау,  экстрадициялық қамақта ұстау, күзетпен ұстау мерзімінін ұзарту,  кепілге алу, мүлікке тыйым салу шараларын  санкция­лау,   сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама  жүргізу үшін  күзетпен ұстауға алынбаған адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру,  сондай-ақ, заңмен тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес адам жасағанда оған қауіпсіздік шараларын қолдану, кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіні, айыпкерді арнайы балалар мекемесіне орналастыру мәселелерін қарастырады.

Шығыс Қазақстан облысының тергеу судьялары 2015 жылдың өткен  кезеңде 669 істі қарап тиісті қаулылар  қабылдады (бұл республика бойынша  тергеу судьялары қараған істердің жалпы 11%) құрайды. Бұл істердің басым көпшілігі бұлтартпау шарасын бекіту және ұзарту болып табылады. Біздің облысымыз   бойынша бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 11% көп, себебі бұл материалдар тергеу судьялары қарастырған істердің жалпы санының 73,74% -ын немесе төрттен үш бөлігін құрайды.

Семинарға қатысушылар қылмыстық сот ісін жүргізуге тергеу судьясының тұлғасы енгізілуі аталған институттың маңыздылығын көрсететінін және оның сот  ісін жүргізуге дейінгі сатыдағы сот бақылауының толыққанды белсенділігін қамтамасыз ету мақсатындағы құзыреттілігін кеңейтетіндігін атап өтті. 

Семинардың соңында қатысушылар тиісті ұсынымдар әзірледі.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі