Сотпен 68 талапкердің жалпы 22 641 998 теңге мөлшерінде еңбекақысы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотының өндірісіне «Д» ЖШС-нен еңбекақы өндіру жайлы 68 азаматтан талап арыз түсті.

Азаматтардың сотқа жаппай талап арыз беруіне жұмыс беруші жұмыскерлердің еңбегі үшін сыйақы алу бойынша конституциялық құқығын бұзуы ( Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы 2-бөлігі) себеп болған.

Арыз берушілердің еңбекақы бойынша қарыз мөлшері ұйымның мөрі мен бас бухгалтердің қолымен күәландырылған жұмыс берушінің анықтамалары және есептерімен расталған.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 113-бабының жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді деген талаптарын және жұмыс берушінің еңбекақыдан қарыз болғанын растайтын құжаттарын зерттей келе, сот мәлімделген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

68 талапкердің пайдасына жауапкерден еңбекақы бойынша жалпы қарызын құрайтын 22 641 998 теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі