Шығыс Қазақстан облыстық соты судьяларға арналған әдістемелік ұсыныстарды шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотымен судьяларға арналған әдістемелік ұсыныстардың жинағы шығарылды.

Жинақта неғұрлым көп қаралатын азаматтық істер бойынша сұрақтар мен жекелеген санаттағы азаматтық істер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар туралы жазылған.

Жинақта банктік даулар бойынша қарыз соманы өндіріп алу, соның ішінде міндеттемені кепілге қойылған мүлік арқылы өндіріп алу; мүлiкті тыйым салудан босату туралы, мәмілелерді жарамсыз деп тану: кәмелеттік жасқа толмаған балаларды асырауға, жоғарғы оқу орнында білім алуға  алимент өндіруге, неке бұзуға қатысты даулар, моральдық және материалдық шығындарды өндіруге қатысты даулар; еңбек даулары, оның ішінде еңбек ақыны өндіру туралы; сот орындаушыларына шағымдану; тұрғын үй құқықтарынан туындайтын даулаға қатысты, жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіруге қатысты даулар  және т.б.  азаматтық істер бойынша әдістемелік ұсыныстар қамтылған. 

Аталған әдістемелік нұсқау судьяларға істерді қарау барысында көмек беру бағытында әзірленді.  

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі