Сарыарқа аудандық сотында электрондық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары К.Елибаев, Жоғарғы Сотының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі С.Омаш, Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысы Р.Тауымбеков, сот төрағасы А.Жүкеновтың және  сот судьяларының қатысуымен электронды сот ісін жүргізуге көшу мәселелері талқыланды.

К.Елібаев өз сөзінде «Сот құжаттарының электронды мұрағаты» (электрондық іс) ақпараттық сот жүйесін әзірлеу ең алдымен сот құжаттарын орталықтандырылған электрондық мұрағаттық сақтау қажеттілігінен туындап отырғанын, оны ұзақ уақыт сақтау, сот құжаттарының электронды көшірмесінің мәтіні немесе деректемелері  толтыру және іздеу мақсатында әзірленетіндігін атап өтті.

Ақпараттық жүйе қалыптастыру ол соттарда құжаттардың электрондық түрде сақталуын және өзгермеуін қамтамасыз ету үшін, келіп түскен барлық құжаттарды ұзақ уақытқа сақтауға, ақпаратты классификациялаудың ортақ жүйесін қалыптастыру үшін арналған.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, әрі сот жүйесінің  ашықтығы мен қолжетімділігін қаматамасыз етеді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі