Республикада сот төрелігін жүзеге асырудың 2014 жылғы 1-жартыжылдықтағы қорытындылары туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттардың 2014 жылғы 1-жартыжылдықтағы қызметiн талдау елдегi сот төрелiгiн жүзеге асырудың сапасы тұрақты екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің (БААТЖ) деректері бойынша 2014 жылғы 1-жартыжылдықта  республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 577 982  арыз бен іс, соның ішінде 349 930 азаматтық, 205 689  әкімшілік және 22 363 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2013 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 50 208 іске немесе 9,5%-ға артық (527 774 арыз бен іс, соның ішінде 297 467 азаматтық, 205 777 әкімшілік және 24 530 қылмыстық іс).

Барлығы 508 637 істі жүргізу аяқталды, бұл 2013 жылдың 6 айымен салыстырғанда 11,5%-ға көп (456 224). Атап айтқанда, 297 294 азаматтық істі қарауды аяқтады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға көп (241 440). Шешім шығарылып 195 790 іс қаралды (2013 жылғы 1-жыртыжылдықта – 154 837).

Азаматтық істер бойынша сырттай қаралған істердің (31,2%-дан 23,9%-ға дейін) және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күші жойылған шешімдердің (53,8%-дан 52,5%-ға дейін) үлес салмағы төмендегені байқалуда.

4 743 азаматтық іс бітімгершілік келісім жасаумен аяқталды, 1 911 іс медиатордың қатысуымен қаралды (2013 жылдың 1-жартыжылдығында  – тиісінше 4 625  және 475).

Есепті кезеңде 22 366 қылмыстық iс аяқталды, бұл  2013 жылғы І-жартыжылдықтағы көрсеткiштен 5,6%-ға төмен (23 689). Үкім шығарумен 13 123 адамға қатысты 10 467 қылмыстық іс қаралды (2013 жылғы 1-жартыжылдықта үкім шығарумен 13 486 адамға қатысты 10 639 қылмыстық іс қаралды). 219 адам ақталды (248).

Барлығы 12 904 адам сотталды, соның ішінде 4 861 адам немесе сотталғандардың жалпы санынан 37,7% бас бостандығынан айырылған (2013 жылғы 1-жартыжылдықта 13 238 адам сотталған, соның ішінде 53 13 адам немесе 40,1% бас бостандығынан айырылған).  5 152 адамға (4 965) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды, 2 219 адам  (2 129) шартты түрде сотталды.

Осылайша, жалпы алғанда бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың үлес салмағы 2,4%-ға азайды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар барлығы 12 097 істі аяқтады, соның ішінде 3 435 азаматтық, 1 403 қылмыстық және 7 259 әкімшілік істі аяқтады (2013 жылғы 1-жартыжылдықта – 11 819 іс, соның ішінде 3 551 азаматтық, 1 420 қылмыстық, 6 848 әкімшілік іс).

Сотталған кәмелетке толмағандардың саны 27, 2%-ға азайды (562-ден 409-ға дейін). Осы ретте бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың үлесі де 6, 6%-ға азайды (20,3%-тен 13,7%-ке дейін).

Есепті кезең ішінде алқабилердің қатысуымен қаралған істердің саны 68,3%-ға азайды (123-тен 39-ға дейін). Үкім шығарумен 70 адамға қатысты 38 іс қаралды (185 адамға қатысты 118 іс). 3 (11) тұлға ақталды.

Соттар қамауға санкция беру, қамау мерзімін ұзарту,  қамау түріндегі бұлтартпау  шарасының  күшін  жою  және  өзгерту  туралы 8 451 өтiнiшті қарады, оның ішінде 8 108 өтініш немесе 95,9%-ы қанағаттандырылды (2013 жылғы ұқсас кезеңде – 9 861 өтініш қаралды, оның ішінде 9 399 немесе 95,3 %-ы қанағаттандырылған).

Соттар қараған әкiмшiлiк iстердiң саны 1,1%-ға төмендеді және 188 977 (191 095) iстi құрады.

Іс жүргізу мерзімі бұзылып барлығы 2 азаматтық іс қаралды немесе 0,001%,  әкiмшiлiк және қылмыстық істерді қарау кезінде іс жүргізу мерзімдері бұзылған жоқ (2013 жылғы 6 ай ішінде – 230  азаматтық іс немесе 0,1%).

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 айдан артық қаралған істердің саны 36,1%-ға азайған (231-ден 158-ге дейін).

Жалпы қаралған істер санының көбеюіне қарамастан, жоғарғы сатыда жойылған және өзгертілген сот актілерінің үлесі бұрынғы деңгейде қалып, 1,4%-ды құрады.

Бұл ретте азаматтық істер бойынша 1 760 шешімнің немесе олардың жалпы санынан 0,9%-ының күші жойылды, 2 399 шешім немесе 1, 2% өзгертілді (2013 жылдың 6 айында  – 1 622 шешімнің немесе 1% күші жойылды, 2 197 шешім немесе 1,4% өзгертілді).

Қылмыстық істер бойынша 108 адамға қатысты немесе үкімдердің 0,5%-ының күші жойылды, 1 109 адамға қатысты үкімдердің 4,6%-ы өзгертілді (2013 жылдың 6 айында 118 адамға қатысты үкімнің немесе 0,5%  күші жойылды, 971 адамға қатысты немесе 3,8 % өзгертілді).

Әкімшілік істер бойынша 199 қаулының немесе 0,1% күші жойылды, 243 қаулы немесе 0,1% өзгертілді (2013 жылдың 6 айында - 166 қаулының немесе 0,1% күші жойылды, 218 қаулы немесе 0,1% өзгертілді).

Жалпы республика бойынша қабылданған сот актілерінің 98,6%-ы заңды әрі негізді деп танылып отыр.

Нормашығармашылық қызмет туралы

Жоғарғы Сот әзірлеген «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобаларын Парламент Мәжілісі 2014 жылғы 18 маусымда қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады.

Заң жобаларының ережелері бірқатар жаңалықтарды енгізу арқылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ соттардың қызметін реттейтін нормаларды түзетуге бағытталған.

Атап айтқанда, Конституциялық заңның жобасы судья лауазымына кандидаттарды іріктеудің конкурстық рәсімін жетілдіруді, судья лауазымына кадрлық резервтің рөлі мен маңызын арттыруды, Жоғарғы және облыстық соттардың жанында жедел ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөніндегі функция жүктелетін жеке орган құруды көздейді.

Сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату мәселелері жөніндегі Заңның жобасы талап қою арқылы іс жүргізудің ауыр емес істерін қараудың оңайлатылған нысанын енгізуді, талап қою арқылы іс жүргізудің кейбір дауларын бере отырып, бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану аясын кеңейтуді, қадағалау тәртібімен қайта қарауға жатпайтын кейбір істердің санаттарын бекіте отырып, Жоғарғы Соттың соттылығын шектеуді көздейді.

Сондай-ақ заң жобасымен іс жүргізу заңнамасына сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілуде. Атап айтқанда, азаматтарға өтініштерді бірінші сатыдағы соттарда ғана емес, барлық жоғары тұрған сатыларда электрондық құжаттар түрінде беру мүмкіндігі, сондай-ақ іс жүргізуге қатысушыларға сот құжаттарының көшірмелерін электрондық түрде алу құқығы беріледі.

Жоғарғы Сот әзірлеген жаңа Азаматтық іс жұргізу кодексінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісу барысында. Оны Парламенттің қарауына ағымдағы жылғы желтоқсанда енгізу жоспарланып отыр.

Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2014 жылғы 27 мамырдағы шешімімен Жоғарғы Сот Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасын әзірлеуге жауапты болып белгіленді. Ол Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесін құру бойынша міндетті іске асыратын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Жоғарғы Сот «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның және судьяларды зейнетақымен қамсыздандыру тетігін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобалары бойынша жұмыс жүргізуде.

Сот практикасының проблемалық мәселелерін түсiндiру мақсатында «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулы қабылданды.

Соттардың қызметіне ақпараттық технологияның жетістіктерін енгізу және қолдану жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда

Сот жүйесін қолжетімді ету және оны оңайлату мақсатында Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың Интернет-ресурстарында азаматтар үшін «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистері іске қосылды. Осы сервистер арқылы азаматтар онлайн режимінде электрондық түрде талап арыз бере алады, сондай-ақ сот актісімен жедел таныса алады.

Есепті кезеңде «электрондық үкімет» порталы арқылы 38 369 талап арыз, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш және хаттамаға ескертулер түсті, бұл барлық 2013 жылға қарағанда 1,5 есеге артық (26 034).

Тұғырнамасы біркелкі және орталықтан басқарылатын Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың Интернет-ресурстары жаңартылды. Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсының рейтингі 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік органдардың ресми сайттарының арасында 29 орыннан 2 орынға көтерілді. Сайтқа келушілердың саны 2 есеге өсті және тәулігіне 2 500-ден астам келушілерді құрайды.

1401 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы Жоғарғы Соттың Call-орталығы жұмыс істейді, өткен кезеңде 1165 қоңырау түсті (2013 жылы - 551).

Сот отырысы хаттамасының жасау сапасын көтеру мақсатында электрондық хаттама жасау мүмкіндігімен қазіргі заманғы технологиялардың негізінде сот процестерін аудио-, бейне тіркеудің (АБТ) жаңа буынын жаппай енгізу жоспарланып отыр, кейіннен жазбалар «Сот кабинетінде» сот процесіне қатысушылардың көруі үшін қолжетімді болады.    

АБТ аясында соттарды шетелдік тәжірибенің үлгісімен бейнеконференцбайланыс жүйелерімен жабдықтау арқылы сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мүмкіндігін дамыту жоспарланып отыр. Мұндай жүйені енгізу түзеу жүйесі органына айдап әкелмеуіне, ал сотталушыға ұсталып отырған жерінде тікелей бейнеконференцбайланыс арқылы айғақ беруіне мүмкіндік береді.

Сот ісін жүргізуге қатысушыларға электрондық хабарлау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Оларға SMS-хабарламалар арқылы шақыру жіберуден бөлек, сондай-ақ арызды қарау нәтижелері туралы SMS-хабарламалар жіберіледі. Мәселен, есепті кезеңде жергілікті соттар сот ісіне қатысушыларға осындай
416 000-нан астам хабарлама жіберді (2013 жылы - 235 000).

Соттардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда

Есепті кезеңде Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың судьялары мен баспасөз қызметтерінің қатысуымен орталық және өңірлік деңгейде электрондық және баспа басылымдарында 12 мыңнан астам жарияланым, судьялар мен соттар қызметкерлерінің телеарна және радиода 2 мыңнан артық сөз сөйлеулері ұйымдастырылды. 1400-ге жуық баспасөз конференциясы мен брифингі, 500-ден артық «Ашық есік күндері» өткізілді.

Ағымдағы жылғы мамырда Жоғарғы Сот Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы және «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорымен бірлесіп «Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-әрекеті және баспасөз хатшыларының рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы жөніндегі кешенді тұжырымдама әзірленуде. Ол институционалдық деңгейде сот жүйесінің ашықтығы қағидаттарын бекітуді және БАҚ-пен жұмыс жасау кезіндегі тәсілдерді реттеуді көздейді.

Бұдан басқа, «Сот төрелігі» ақпараттық-талдамалық телебағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаның мақсаты – халықты қазіргі заманғы қазақстандық сотты дамыту туралы хабардар ету, сондай-ақ сот билігі өкілдері туралы жағымсыз қоғамдық стереотиптерді жеңу.

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі