Республика соттарында әлеуметтік зерттеу жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот процесіне қатысушыларының арасында сот төрелігінің жүзеге асырылу сапасына азаматтардың қанағаттану және сенім білдіру деңгейін анықтау мақсатында республиканың жергілікті соттарында ауқымды әлеуметтік сауалнаманы жүргізу жалғасуда.

Сауалнаманы ағымдағы жылдың ақпан және сәуір айлары аралығында Жоғарғы Сот пен БҰҰ-ның Даму бағдарламасының тың бірлескен жобасы шеңберінде тәуелсіз ұйым – Құқықтық саясатты зерттеу орталығы жасырын сауалнамалау арқылы жүргізуде.

Аталған іс-шара республиканың 200 сотында өтіп, оған 12 000-ға жуық респондент қатысады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңдағы мәлімет бойынша сауалнаманы жүргізу Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан областарының соттарында аяқталды. Бұл аймақтарда барлығы 7 000-нан астам сот процесіне қатысушыға сұрау салынды.

Зерттеудің қорытындылары осы жылдың шілде айында шығарылып, ағымдағы жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша өткізілетін судьялардың кеңейтілген кеңесінде таныстырылады деп жоспарлануда.

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі