Республика соттарда оқыту семинарлар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында  азаматтық процесте атқарушылық іс жүргізу туралы мәселені талқылап өтті.

Азаматтық процесте атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» жұмысына жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшылары, жеке сот орындаушылары, прокурорлар, адвокаттар, Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының, банктердің өкілдері, облыстық және қалалық соттардың судьялары қатысты.

 Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев атқарушылық іс жүргізудің сатысы азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін өте маңызды екендігін, өйткені ол істің нәтижелі аяқталуын анықтап, сот төрелігінің тиімділігіне ықпал ететіндігін атап өтті. «Заңды және негізделген сот шешімін жариялау жеткіліксіз. Азамат пен заңды тұлға үшін оның орындалуы маңызды. Азаматтар мен бүкіл қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сот актілерінің толық, жедел және сапалы орындалуына байланысты» - деді.

Облыстық соттың судьясы Гүлсара Гаипова «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның кейбір ережелерінің жалпы сипаты сот орындаушылар, өндіріп алушы мен борышкер іс жүзінде заң ережелерін өз бетінше түсіндіретіндігін атап өтті. Көп жағдайларда заң шығарушы тұспалдаған ойға қайшы мағына береді.

Нәтижелі талқылаудың барысында қатысушылар жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар қарау тәртібіне қатысты атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама нормаларын қолданудың, мүлікті саудаға қою, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде саудада жасалған мәмілелерді даулау бойынша, атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардың шағымдарын қараудың, атқарушылық іс жүргізудің қысқартылуымен және қайтарылуымен байланысты сот орындаушысының әрекеттеріне шағымданудың, сот шешімін орындалуын кейінге қалдыру туралы түйткілді мәселелер талқыланған болатын.

Қатысушылар талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, заңнаманың бірізді қолданылуы бойынша ұсынымдар қабылдады.

Қайнар: 
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстық соттардың баспасөз қызметтері