Павлодар қалалық соты баланың туу туралы фактісін анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотыңда азаматша И.-дің баланың туу туралы фактіні  анықтау туралы өтініші қаралды.

2006 жылы 23 ақпанда азаматша И.-дің нәрестені үйде туғаны анықталған. Қазіргі уақытта бала 8 жаста, сәбидің туу туралы куәлігінің болмауы салдарынан оған медициналық қызмет көрсетуден бас тартылған және жалпы білім беру мекемесінен шығарып тастау қаупі туындаған.

Талапкер азаматтық хал-актілерін тіркеу органына баласын тіркеуді өтініп бірнеше рет жүгінген, оған баланың туу туралы медициналық анықтамасы болмағандықтан, қыз баласының туғаны туралы куәлікті беруден бас тартылған.

Арыз беруші өзінің талап арызын негіздеп, генетикалық сараптаманың қорытындысын қоса ұсынған. Онда кәмелеттік жасқа толмаған С.-ға азаматша И.-дің биологиялық анасы болып келетіні көрсетілген және де куәлердің жауабымен дәлелденді.

Сот кәмелеттік жасқа толмаған С.-ның туу туралы дерегін анықтады.

Қазіргі таңда баланың туу туралы ресми куәлігі берілді. Ол балаларға тиесілі барлық құқықтар мен жеңілдіктерге ие болды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: