Сс, 12/01/2016 - 12:30
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Азаматтық процестік кодекс зңды күшіне енді.
Оны іске асырудағы маңызды міндеттердің бірі – қайта қалпына келтіретін сот төрелігін дамытуға, соттардың жүктемесін азайтуға, бітімгершілік рәсімнің жаңа түрі – соттағы медиацияны енізуге ықпал ететін медиация институтын кеңейту.
Павлодар қалалық сотында алғашқы рет адвокаттардың қатысуымен дауды партисипативтік рәсімі тәртібінде реттеу келісімі бекітілді.
Азаматтық іс бойынша тараптар талапкер Д.-ның жауапкер Т.-ға қатысты ортақ меншіктегі мүлікке пай үлесін анықтап беру туралы туындаған дауға қатысты өздерінің құқықтарын пайдаланып, партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге өтініш білдірген.
Тараптардың өзара келісім бойынша талапкер Д. мен жауапкер Т. Павлодар қаласында орналасқан пәтерде ½ пай үлестерін анықтады.
Дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімді соттың бекітуіне байланысты іс өндірістен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас мәліметтер
- Арал аудандық сотында азаматтық істі қарау партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды
- Павлодар облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жаңа шаралары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
- Павлодар облысының судьялары мен сот орындаушылары сот актілерінің орындалу мәселелерін талқылады