Павлодар облысында партисипативтік рәсім тәртіпте алғаш рет келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Азаматтық процестік кодекс зңды күшіне енді.

Оны іске асырудағы маңызды міндеттердің бірі – қайта қалпына келтіретін сот төрелігін дамытуға, соттардың жүктемесін азайтуға, бітімгершілік рәсімнің жаңа түрі – соттағы медиацияны енізуге ықпал ететін медиация институтын кеңейту.

Павлодар қалалық сотында алғашқы рет адвокаттардың қатысуымен дауды партисипативтік рәсімі тәртібінде реттеу келісімі бекітілді. 

Азаматтық іс бойынша тараптар талапкер Д.-ның жауапкер Т.-ға қатысты ортақ меншіктегі мүлікке пай үлесін анықтап беру туралы туындаған дауға қатысты өздерінің құқықтарын пайдаланып, партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге өтініш білдірген.     

Тараптардың өзара келісім бойынша талапкер Д. мен жауапкер Т. Павлодар қаласында орналасқан пәтерде ½ пай үлестерін анықтады.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімді соттың бекітуіне байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі