Өскемен қалалық соты қателесіп түскен ақша қаражатын қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Казцинк» ЖШС Өскемен қалалық сотына қателесіп түскен 1 487 111 теңге ақша қаражатын қайтару  туралы талап арызбен жүгінді.

Сот жауапкердің аталған мекемеде екі жыл «пеш жағушы» болып жұмыс жасағандығын анықтады. Жұмыстан босатылғаннан кейін, оған пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін 14 871,11 теңге көлемінде өтемақы берілуі тиіс болған. Аталған ақшаны аудару кезінде, бухгалтерлік бағдарламада техникалық қателіктер орын алған. Соның нәтижесінде компьютер сандық бүтінді бөлетін «үтір» анықтамай,  алуышының картасына 1 487 111 теңге көлемінде ақша аударылған. Жұмыстан босатылған жұмысшы ауқымды қаражаттың аударылғанын біле тұра, ақшаны иемденіп, жұмыс берушіге қателесіп түскен ақша қаражатын  қайтарудан бас тартқан.

Сот «Казцинк» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырып, жауапкерді қателесіп түскен 1 487 111 теңге көлеміндегі ақша қаражатын қайтаруды міндеттеді. Оған қоса жауапкер 44 167 теңге көлеміндегі  сот шығындарын өтейтін болды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі