Cолтүстік Қазақстан облысында сот жұмыс берушіден жұмысшының пайдасына бір миллион теңгеден жоғары еңбекақыны өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына «Бишкульская семеноводческая станция» ЖШС жұмысшылары жұмыс берушіден еңбекақыны және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыздарымен жүгінді.

Сот талапкерлердің еңбек етуді жеке еңбек шарты негізінде іске асырғанын анықтады. Алайда, «Бишкульская семеноводческая станция» ЖШС өз жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуін тоқтатты.

Өздерінің талап арыздарында талапкерлер жауапкерден моральдық шығынды өтеумен еңбекақысын өндіріп алуды сұрады.

Қызылжар аудандық соты жұмысшылардың талаптарын қанағаттандырды және ЖШС-дан жұмысшылардың пайдасына 1 275 341  теңге көлемінде еңбекақы бойынша қарызды өндіріп алды, моральдық шығынды өтеу бөлігінде арыздың талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі