Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында Тілдерді дамыту басқармасының, прокуратура, Сот актілерін орындау бойынша департаменттің, қалалық ішкі істер басқармасының, адвокатураның, түзету мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өтті.

Петропавл қалалық сотының төрағасы Әбдіқаххар Еркебаев дөңгелек үстелді аша отырып, өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілде қылмыстық істерді және материалдарды қараудың санын және сапасын көтеру, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты әзірлеу бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар пікір алмасудың бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылатынын, дөңгелек үстел барысында көтерілген барлық мәселелер мен қабылданған ұсынымдар алдағы уақытта ескерілетінін көрсетті.

Источник: 
Солтүстік Қазақтан облыстық сотының баспасөз қызметі