Мемлекеттік шекарадан заңсыз қасақана өткізу пунктерінен тысқары жерден кесіп өту туралы іс бойынша сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен Қырғызстан Республикасының азаматы Ы.К. қатысты,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен (әрі қарай мәтін бойынша ҚР ҚК) (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден  қасақана заңсыз кесіп өту,  сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіліген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту).

Сотпен анықталғаны, 28.06.2017 жылы, Ы.К. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тысқары жерден заңсыз қасақана кесіп өткен.

Сот отырысында, Ы.К. тағылған айыпты толық мойындап, жасаған қылмысы үшін шын жүректен өкінген.

Сот үкімі бойынша Ы.К. ҚР-ның ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚР-ның шегінен тысқары жерге 5 (бес) жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған пробациялық бақылау белгіленген. 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі