Маңғыстау облысы соттарында медиация туралы пилоттық жоба түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Иманғалиева дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу мәселелерін талқылаған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Маңғыстау аудандық сотында өткен іс-шараға судьялар,  «Қоғамдық келісім» КММ, мәслихат, ҮЕҰ өкілдері, медиаторлар, денсаулық және білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан тұрғындары  қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Г.Иманғалиева азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол  аталған жоба  татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар аталған тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, медиацияны халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу керектігін айтты.

Іс-шараға белсенді қатысқан аудан тұрғындары  пилоттық жобаға қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді. Пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында жалғасын тапты.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі