Маңғыстау облысы соттарында медиация туралы пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған семинар өтті.  

Іс-шараны Маңғыстау облыстық соты, Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы мен «Қоғамдық келісім» МКМ мен Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырды.

Семинарға  Маңғыстау облыстық соттың судьялары,  «Қоғамдық келісім» МКМ өкілі, аудан әкімінің орынбасары, кәсіби медиаторлар, денсаулық және білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының басшылары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары  қатысты.

Семинарда судья Г.Иманғалиева азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол  аталған жоба  татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғандығын атап өтті.

Семинарда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеев медиацияның қазақ халқына жат еместігіне тоқталып, үйдегі қазыналы қартарымыздың бәрі медиатор екендігіне тоқталды. Сондықтан, ол дауды сотқа дейін реттеудің маңыздылығына мән берді.

Іс-шараға белсенді қатысқан аудан тұрғындары  пилоттық жобаға бір ауыздан қолдау білдіріп, мұндай шаралар жиі өткізілуіне тілектестік білдірді.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі