Маңғыстау облыстық сотының судьялары Жаңаөзендегі ауыл тұрғындарына дауларды бейбіт жолмен шешуді түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының Теңге аулында «Медиация негіздері. Сотқа дейін дауларды медиация тәртібімен реттеу» атты тақырыпта семинар өтті. Аталған шара Маңғыстау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастурымен өткізілді. 

Шараға бітімгершілік рәсімдерін үйлестіруші судья, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Имангалиева, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.Сейлханова, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Жастар жетістіктері» ҚБ-нің өкілдері, ауыл әкімі мен тұрғындары, мектептер мен денсаулық саласынының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Шараны өткізудегі мақсат–дауларды бейбіт жолмен шешу, дау-жанжалдарды азайту және келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін медиация институтын және бітімгершілік келісімді насихаттау, дамыту, Қазақстан Республикасының дауларды жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын таныстыру.

Шара барысында сөз алған Г.Имангалиева азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол  аталған жоба  татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталғандығын атап өтті.

А.Сейлханова өз баяндамасында медиация рәсімін қолдану қажет болатын даулар (жанжалдар) санатына тоқталып, оның қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын тілге тиек етті.

Семинарға қатысушылар бір ауыздан пилоттық жобаны қолдады.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі