Лицензиялық алым төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 282-бабының 8-бөлігі, яғни жыл сайынғы лицензиялық алымды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу әкімшілік құқық бұзушылығы бойынша азаматша К-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.         

Іс құжаттарына сәйкес, жеке кәсіпкер К. алкоголь өнімінің бөлшек саудасымен айналысуға лицензиясы бола тұра 2015-2016, 2016-2017 жылдардың жыл сайынғы төлемін жүзеге асырмай, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 472-бабының 3-бөлігін бұзған.   

Соттың қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштің 70% мөлшері көлемінде, яғни 476 490(төрт жүз жетпіс алты мың төрт жүз тоқсан) теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі