Қызылорда облысының соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа судьялармен тағайындалды: Қызылорда қаласының №2 соты және Қармақшы аудандық соты лауазымына Жұлдыз Жәкеева және Ермек Құтыбаев.

Ж.Жәкеева Қызылорда облыстық сотының маманы, сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алған.

Е.Құтыбаев прокуратура саласында қызмет атқарған.

Шара барысында алғаш тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.

Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі