Қызылорда қаласында ардагер судьяға көше аты берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласындағы көшеге сот саласында 30 жылға жуық қызмет атқарған, «Үш би» құрмет белгісінің иегері Мерғали Ыбраевтың есімі берілді.

Мерғали Ыбраев Қызылорда қалалық, облыстық сотының судьясы, Шиелі аудандық сотының төрағасы, облыстық төрелік соттың төрағасы қызметтерін атқарған.

1996 жылдың желтоқсан айынан 2007  жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты.

Өзінен кейінгі ізбасар жас судьяларға кәсіби біліктілік пен адамгершіліктің өнегесін көрсете білген ардагерге арналып бүгін арнайы ас берілді. Қадірлі азаматтың ас беру рәсіміне судьяның барша туған-туыстары, сот корпусының өкілдері жиналды.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі