ҚР Жоғарғы Соты Департаментінің басшылығы жетім балалар үйінде болып, тәрбиеленушілерді мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов және департамент қызметкерлері Астана қаласынан 100 шақырымға жуық жердегі Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барды.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің бастамасы бойынша ұйымдастырылып, Жоғарғы Сот басшылығының тікелей қолдауымен жүзеге асырылатын игі істердің бірі болып табылады.

Мереке күні балалар үйінің 8 бен 16 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне Департамент өкілдері балаларды спортқа бейімдеу және шығармашылық жағынан дамыту мақсатында спортпен шынығуға арналған құрал-жабдықтар мен музыкалық құрылғылар сыйлады. Сыйлықтар балалардың тілектері мен сұраныстарын ескере отырып дайындалды.

Мереке балалар ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Балалар үйінің тәрбиенушілері өздеріне көрсеткен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Департамент Басшысы І.Испанов балаларды құттықтай отырып, осындай кездесулер алдағы уақытта дәстүрге айналады деп сендірді. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі