Архив событий

20/06/2014

ҚР Жоғарғы Сотында аралық жалпы отырыс өтті

20/06/2014

Бүгін ҚР Жоғарғы Соты Төрағасы Қ.Мәмидің басшылығымен аралық жалпы отырыс өтті.

Жоғарғы Сот жұмысының жоспарына сәйкес өткізілген отырыста Қызылорда және Жамбыл облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру және соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етудің жай-күйін кешенді тексерудің қорытындысы талқыланды.

Жиналыста тексеріс барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бағытында атқарған жұмыстары туралы Жамбыл және Қызылорда облысы соттары төрағаларының есептері тыңдалды.

ҚР Парламенті Мәжілісі сот жүйесіне қатысты заң жобаларын мақұлдады

20/06/2014

2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобалары екінші оқылымда мақұлданды.