Архив событий

04/06/2014

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өткізді

04/06/2014

1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл – мемлекет пен оның егемендігінің мызғымас негіздерінің бірі.

         Жоғарғы Сот Төрағасы жиналғандарды мерекемен құттықтай отырып, бейбір әрі баянды болашақ тіледі.

         Салтанатты жиында Қайрат Мәми құрметті демалысқа шыққан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Нұрия Құрманқызы Сынғалиева және Николай Иванович Мамонтовты құттықтап, оларға құрмет белгілері мен сыйлықтар тапсырды.