Архив событий

27/06/2014

Ақтөбе облыстық соты журналистерді құттықтады

27/06/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов БАҚ басшылары мен қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтады. Аталмыш жиын олардың кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылған болатын.

ҚР Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды

27/06/2014

Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшылары мен үздік журналистерге Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы тапсырылды.

«Сот репортері» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті

27/06/2014

Бүгін Қызылорда облыстық соты «Сот репортері» шығармашылық байқауының қорытындысын жариялады.  

Байқауды ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысындағы филиалы Қызылорда облыстық сотымен бірлесіп ұйымдастырды.  

Іс қағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылуы

27/06/2014

Қазақстан Республикасы Әскери сотында «Сот істерін мемлекеттік тілде қараудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Бас прокаратура, ІІМ министрлігі, Адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелді ашқан Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев болып жатқан шараның еліміз үшін  үлкен маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанды Отаным деп санайтын әрбір азамат мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігіне тоқталды.