Архив событий

19/06/2014

ҚР Жоғарғы Сотының басшылығы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

19/06/2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2014 жылғы 13 мамырдағы №184 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сондай-ақ аталған медальмен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының төрағалары Ақылтай Қасымов пен Еліс Әбдіқадыров марапатталды.

Cөз бостандығының халықаралық стандарттарын сот тәжірибесінде қолдану

19/06/2014

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес сөз бостандығы мен ар-намыс, қадір-қасиеттің қорғалуына кепілдік береді. Барлық демократиялық елдердегі секілді, еліміздің сот органдары да осындай құқықтардың тепе-теңдігінің бұзылуы туралы азаматтардың күрделі дауларын жиі шешеді.