Архив событий

09/06/2014

Сот медиациясы іске асуда

09/06/2014

Азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес Павлодар қалалық соты С-ның З-дан ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасалуына байланысты аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Осы орайда Салық кодексінің 548-бабы 1-тармағының 1-2)-тармақшаларына сәйкес, талапкерге мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.