Архив событий

11/06/2014

ҚР Жоғары Сотының судьясы Ә.Т. Жүкеновтің «Қылмыстарды саралау» атты кітабы жарыққа шықты

11/06/2014

2014 жылдың мамыр айында ҚР Жоғары Сотының судьясы Әбдірашид Төлегенұлы Жүкеновтің «Қылмыстарды саралау» атты кітабы жарыққа шықты.

Басылым Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот практикасында қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелеріне арналған.

Басылымның мақсаты қылмысты саралау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдану тетігін түсіндіру болып табылады.

Кітапты заңгер қауымдастығы әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.