Қостанай облысында атқару өндірісінің өзекті мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының мамандандырылған ауданарылық экономикалық сотында «Атқару өндірісінің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған мәселені талқылауда облыстық және қалалық сот судьялары, прокуратура, әділет департаменті, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері және банктердің заң бөлімдерінің қызметкерлері  қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы, Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзаке өз сөзінде: «Сот шешімінің орындалуы – азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілі, себебі шешімнің орындалуы арқылы Қазақстан заңымен бекітілген адамның құқығы мен бостандығының сақталуы жүзеге асады», - деп айтап өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар атқару өндірісі туралы заңның құқықтық қолданыстағы тәжірибиесін, әкімшілік жазаға тарту туралы қаулылар мен несиелік келісім шарт бойынша қарызды өндіру туралы сот актілерінің орындалуын, борышкерге қатысты қамтамасыз ету шараларын тоқтатудан бас тарту бойынша сот орындаушылардың әрекеті мен шешімдеріне шағымдану мәселелерін талқылады.

Статистикалық мәліметтердің сараптамасы көрсеткендей, сот орындаушыларының әрекетіне шағым келтіру көрсеткіші соңғы жылдары өзгермей отыр. Ағымдағы жылдың 5 айында Қостанай облысының соттарында сот орындаушылардың әрекеті мен шешіміне келтірілген шағым бойынша 116 іс қаралған. Олардың ішінде 79 іс бойынша шешім шығарылып, соның 18 шағымы қанағаттандырылған.

Құқықтық мемлекетте сот төрелігінің тиімділігі сот шешімдерінің орындалуы деңгейімен анықталады. Статистика көрсетіп отырғандай, іс жүзінде сот шешімдерінің тек 70-72 пайызы ғана орындалады. Мұндай жайт көп жағдайда сот жүйесі туралы жағымсыз ой түйіндеуге негіз болып жатады. Бұл сот билігінің беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. 

Сот актілерін орындау кезінде туындайтын мәселелер көбінде облыстың сот қауымдастығы тарпынан кеңінен талқыланып, нәтижелі болып жатады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында келешекте соттың да, сот орындаушыларының да қызметін оңтайландыратын шешімдер қарастырылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша барлық тараптар мен аудандық және қалалық соттарға жолданатын әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі