Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Армения Республикасының Әділет министрімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми елімізге ресми сапармен келген Армения Республикасының Әділет министрі Ованнес Манукянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасында қарым-қатынастың қарқынды және көпжақты даму сипатына ие екендігін атап өтті. Қазақстан мен Арменияны ортақ тарих пен халықтар достығы жақындастырады. 

«Біздің елдеріміздің арасындағы көпжақты ынтымақтастық құқықтық саладағы қарым-қатынасты дамытудың негізгі өзегі болып табылады» - деді Қ.Мәми.  

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан сот органдарының қызметі, еліміздің сот төрелігі жүйесін жақсарту бойынша қабылданып жатқан ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар, соттар жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, сот процесіне қатысушыларды СМС-хабарлама арқылы шақыру жүйесі, аудио-бейне құрылғыларды қолдана отырып сот хаттамаларын әзірлеу әдісі, аудио және бейнетіркеу жүйесі, сондай-ақ электронды іс қағаздарын жүргізу секілді ақпараттық технологиялар қазақстандық соттарда кеңінен қолданылуда.

Қайрат Мәми соттардың жүктемесін азайту тетіктерінің тәжірибеде іске асырылу барысы туралы да айтты. Бұл бағытта қолға алынған негізгі жүйелі жұмысқа бітімгершілік рәсімдер мен медиацияны қолдану арқылы дауларды соттан тыс реттеу институты жатады. 2014  жылдың 9 айының өзінде медиаторлардың қатысуымен 7 701 іс аяқталған.

Тараптар бұл сапардың екі елдің сот ісін жүргізу саласында жаңа тәсілдерді зерделеу, сондай-ақ сот жүйесін дамыту бойынша тәжірибе, ақпарат және жетістіктермен алмасу тұрғысындағы маңыздылығына тоқталды. Әңгімелесушілер сот жүйесіндегі ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.

Әңгіме барысында Армения Республикасының Әділет министрі Ованнес Манукян өзінің Қазақстанға алғаш рет келгенін және Астана қаласының сәулеті мен Қазақстандағы әріптестерінің қарсы алуы ерекше әсер еткенін атап өтті.  

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі