Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында «Ресей мен Қазақстанның азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізушілік заңнамасы саласындағы жаңалықтар» тақырыбына оn-line дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігі академиясының Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Российская Федерация) бірлесіп, «Ресей мен Қазақстанның азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізушілік заңнамасы саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Сот төрелігі академиясы тарапынан профессорлар мен оқытушылар құрамына кіретін Жоғарғы Сот судьялары Ұлбосын Сулейменова, Гүлжан Әлмағамбетова, Амангелді Сәрсембаев, құрметті отставкадағы судьялар Николай Мамонтов және Раиса Юрченко, вице-ректор, Институт директоры, кафедра меңгерушілері, сонымен қатар Академия оқытушылары қатысты.

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен  заң ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері М.К. Треушников, Федералды нотариалды палата жанындағы ҒКК мүшесі,  Ресей Федерациясының сауда-өндірістік палатасы жанындағы халықаралық сауда арбитраж сотының арбитрі Е.В. Кудрявцева, Ресей Федерациясының Жоғарғы Арбитраж Соты төрағасының отставкадағы орынбасары Т.К. Андреева және басқа да оқытушылар болды.

«Дөңгелек үстел» баяндамашылары екі елдің заңнамасының іс жүргізушілік нормаларының ең өзекті өзгерістерін, сонымен қатар, бүгінгі таңда оларды іс жүзінде қолдануды ашып айтты. «Дөңгелек үстел» барысында азаматтық сот iсiн жүргiзуде халықаралық нормаларды қолдану мәселелері, кассациялық сот өндірісі, азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiн қолданудың теориялық және практикалық аспектілері, әкімшілік сот ісін жүргізу нормаларын қолдану мәселелері, тергеу судьясының өкілеттіктерді жүзеге асыру кейбір мәселелері және қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық iстi тоқтату мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар конструктивті диалог үшін бір-біріне алғыс айтып, құқықтық ғылым саласында әрі қарай ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Источник: 
Сот төрелігі академиясы