Елорда сотында Америка Құрама Штаттары Калифорния Штатының Жоғарғы Соты судьясымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотына Америка Құрама Штаттары Калифорния Штаты Жоғарғы Сотының судьясы  Гарольд Кан келді.

Іс-шараға қалалық және аудандық соттардың судьялары, сонымен бірге соттар Әкімшісі қатысты.

Кездесу барысында судьялар сот ісін қарау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шетелдік қонаққа Астана қалалық сотының құрылу тарихы мен қазақстандық сот төрелігі жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Гарольд Канға аудио-бейнефиксация жүйесімен қамтылған сот отырысы залдары көрсетілді.

Гарольд  Кан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқық және тарих мұражайын аралап, фотосуреттер, құжаттар және экспонаттармен танысты.

Кездесу соңында Америка Құрама Штаттары Калифорния Штаты Жоғарғы Сотының судьясы Гарольд Кан сот басшылығын жылы қабылдағаны және сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырғаны үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі