Батыс Қазақстан облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов қалалық және аудандық соттардың жаңадан тағайындалған судьяларын ұжымға таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Әлия Теберикова Тасқала аудандық сотының судьясы және Таймас Ниязов Сырым аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды

Облыстық соттың төрағасы судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, сапалы да, адал сот төрелігін атқаруға, судьялардың әдеп Кодексін мүлтіксіз орындауға тілек білдірді.

Б.Әметов өз сөзінде жас судьяларға республика судьяларының VII съезінің қорытындысы бойынша мемлекет басшысының сот жүйесін жетілдіру және 100 нақты қадам ұлт Жоспары шеңберінде сот реформасының негізгі басымдылықтары туралы айтты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі