Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Алматы қаласындағы жауапкерді бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы тыңдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу және оларды сот ісін жүргізуде қолдану сот ісін жүргізудің тиімділігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда республика соттары сот төрелігін қашықтықтан жүргізу арқылы, сот талқылауында бейнеконференцбайланыс жүйесін (БКБ) қолдануға мүмкіндік алды. Бұл технология сот отырысы мен процестерді өңірлік соттар арқылы нақты уақыт режимінде, қашықтағы процеске қатысушылармен ақпарат алмасу үшін тұлғалардың қашықтықтан қатысуымен алдын ала жүргізуді көздейді. БКБ жүйесін енгізу сот процесіне қатысушылардың сот төрелігіне қол жеткізуін жеңілдетуге, объективті себептері бойынша тікелей сот отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде олардың уақытын және қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жауапкер өкілінің Алматы қаласында болуына байланысты «ЗапКазРэк» АҚ-ның жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісін Алматы қалалық сотына қашықтан қосылу тәсілі арқылы қарау туралы апелляциялық сатыға түскен өтініші осының дәлелі.  

Апелляциялық сатыдағы сот ара-қашықтыққа қарамастан сот процесіне қатысу құқығын іске асыруға мүмкіндік берді. Өтініш білдірген тұлғаның орналасқан жері бойынша БКБ жүйесін пайдалану бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдау үшін Алматы қалалық сотының атына хат жолданды.

БҚО МАЭС талапкердің талап арызын қанағаттандырды. Сот жеке кәсіпкердің келісім шарт бойынша тауар жеткізу мерзімін өткізіп алуы техниканың тұраулауына және ағымдағы жұмыстардың орындалмауына әкеп соқтырғаны үшін оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды. Бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеген жауапкер апелляциялық тәртіпте шағым келтірген.

Апелляциялық шағымды қарау бойынша сот алқасының отырысы Алматы қалалық сотында болған жауапкер өкілінің қатысуымен  бейнеконференцбайланыс жүйесін пайдалана отырып қашықтықтан жүргізілді.

Апелляциялық сот сатысы істі қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, жауапкердің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі