Батыс Қазақстан облыстық сотында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Өз сөзінде М.Нағашыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат бағдарламасын жүзеге асыру бағытында сот жүйесінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, қоғамдық кеңес қызметінің мәні мен мақсат міндеттерін атап көрсетті.

Атап айтқанда судьялыққа кандидаттарды іріктеу барысында кездейсоқ, лайықсыз адамдардың өтіп кетуіне жол бермей,  олардың жеке және іскерлік қасиеттері мен қабілеттерін жан-жақты талқылаудың маңыздылығына, болашақ судьяның біліктілігі мен моральдық - бет- бейнесін арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмысқа қоғам тарапынан ықпал етудің өзектілігіне ерекше назар аударды.

Қоғамдық Кеңес мүшелері үміткерлердің мінездемелерін, еңбек жолы көрсетілген жеке парақтарын зерделей келе, 10 кандидатқа да жағымды оң қорытынды берді.

Енді олардың кандидатуралары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады. 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі