Атырау облыстық сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов пен медиатор Рысты Қалиева соттың кедергісіз қызмет көрсетуге көшетінін білдіретін лентаны салтанатты жағдайда қиды. Іс-шара «Үлгілі сот» жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Осы рәсімге судьялар, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

М.Бектұрғанов осы іс-шараны ашу кезінде сөйлеген сөзінде фронт-офис жұмысының өңір халқының нақтылы сұраныстарын орындауға бағытталғанын айтты. «Біздің жұмысымыздың жаңа бағыты халықтың мемлекеттік қызметке қол жеткізу деңгейін арттыруға және сот қызметінің халық үшін анық болуына бағытталған. Мұнда кез келген азамат толық көлемде құқықтық қызметтерге қол жеткізе алады», -деді ол.

Фронт-офис үш бөлімнен: ақпараттық орталықтан, кіріс хат-хабарлар мен халықтың өзіне өзі қызмет көрсету аумағынан тұрады. Осы қызметтерді көрсету аумағы ұйымдастыру техникасымен, қазіргі заманғы әрі жайлы жиһазбен жабдықталған үлкен залда орналасқан. Залдың өзі адамдар үшін жайлы ахуал туғызатындай етіп безендірілген.

«Өңір соттарының кедергісіз қызмет көрсетуге көшкеніне қуаныштымыз. Фронт-офис қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары ескерілгендіктен өте ыңғайлы. Оның қызметкерлері жанжалдасушы азаматтардың татуласуына ықпал етіп, «Сот кабинетінің» жұмысы туралы түсіндірме береді, сондай-ақ арыздарды тіркеуге көмектеседі»,-деді өз сөзінде адвокат Дияр Юсупов.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі