Атбасар аудандық соты қылмыстық істі бейнебайланыс арқылы қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Атбасар аудандық соты бейнебайланыс арқылы азамат С.-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

С.-ға адамдар тобымен алдын ала сөз байласа отырып, қоймаға кiру арқылы мүлікті жасырын түрде ұрлады деп айып тағылды. Аталған істі қарау барысында С. Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының үкімімен Қостанай қаласындағы мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Сот С.-ны бейнебайланыс жүйесі арқылы сот отырысына қатыстыру үшін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жеткізу туралы қаулы шығарды.  

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес онлайн тәртібінде сот отырысын жүргізу барысында сотталушының құқықтары бұзылған жоқ. Сотталушы С. Қостанай қаласында бола тұра, процеске қатысушыларға сұрақтарын қоюға, өтініштер білдіруге, өзінің соңғы сөзін айтуына мүмкіндігі болды.

Сот үкімі де онлайн тәртібінде жарияланды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар